Таласбек Әсемқұлов кітап оқуға жаны құмар жан еді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таласбек Әсемқұлов кітап оқуға жаны құмар жан еді

30.09.2014
Таласбек Әсемқұлов кітап оқуға жаны құмар жан еді

Өткен аптада қалың жұрттың қабырғасын қайыстырып, жазушы, күйші, кинодраматург Таласбек Әсемқұлов дүниеден өтті. Шығармашылық қиялға бай, қарымды қаламгер әдебиет пен өнерде қатар шапқан тұлпардай табанды еңбек етті. Қазақ радиосының әуе толқынынан өтетін «Қазақ елі» хабарының бүгінгі шығарылымы мәдениет пен әдебиеттің өрлеуіне өлшеусіз үлес қосқан дарабоз тұлғаға арналды. Хабарға Таласбек Әсемқұловпен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында қызметтес болған профессор Базархан Қосбасаров қатысып, жазушысының жарқын бейнесін еске алды.

«Екеуміз бірге көп жыл қызмет еттік. Ол өзінің өнерінің, талпынысының, еңбекқорлығының арқасында жетістіктерге жетті. Дүниені терең көздейтін жан еді. Өте қарапайым болатын. Әркімнің қас-қабағына қарап сөйлейтін, егер әңгімең жарасып кетсе, оны одан сайын қызықты етіп, одан сайын тереңдете түсетін. Оның «Біржан сал» фильміне жазған сценариі өте сәтті шықты. Өмірлік те, кәсіби де шеберлігі толысқан кезде одан айырылып қалдық», - дейді  Базархан Қосбасаров.

Сондай-ақ, хабарға ақын Ақберен Елгезек қатысып, қарымды қаламгер туралы айтып берді. Таласбек Әсемқұлов туралы ақын естелігін білгіңіз келсе, «Қазақ елі» хабарын тыңдаңыз.

Сонымен қатар, назарларыңызға Қазақ радиосының «Алтын қорындағы» Таласбек Әсемқұлов қатысқан  «Тағылым» (29 мамыр, 2008 жыл) хабарын ұсынамыз.


«Тағылым»

Хабарламаларға жазылу