Сүт зауытында аммиак төгілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүт зауытында аммиак төгілді

30.09.2014
Сүт зауытында аммиак төгілді

Бүгін таңда Норвегияның Олесунн қаласының орталығындағы Tine сүт кәсіпорнында аммиак төгіліп, құтқару шаралары жүргізілді.

Норвегиялық тарату корпорациясының хабарлауынша, газдың әсерінен зардап шеккен сегіз жұмысшы дереу ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда қаланың орталық көшесінде қозғалыс тоқтатылған. Сүт зауытының маңайындағы бірнеше үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Аммиак төгілген фабриканың маңында құтқару қызметі алғашқы жәрдем көрсету бекетін ашты.

Аммиак буы теріге зақым келтіріп, жөтел мен көз ауруына ұшыратады. Сондай-ақ, ауаға тараған аммиактың жоғары концентрациясы өкпенің қабынуымен күйік шалуына әкеліп соқтырады.

itar-tass.com

Хабарламаларға жазылу