Атырауда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының ХI форумы аясында бірқатар келісімшартқа қол қойылды.
Қазақстан Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу және пайдалану туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге ресейлік тараптан «Росатом» атом энергиясы бойынша мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Кириенко, қазақстандық тараптан ҚР энергетика министрі Владимир Школьник қол қойды.
ҚазАқпарат