Қостанайда коньки стадионы қайта ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда коньки стадионы қайта ашылды

30.09.2014
Қостанайда коньки стадионы қайта ашылды

Қостанайда "Технодом Арена" коньки тебу стадионы жаңғырту жұмыстарынан соң қайта пайдалануға берілді. Жаңарған спорт нысанының ашылуына облыс әкімі қатысты, деп хабарлайды kostanaytany.kz.

Жаңарған стадионның ашылуы салтанатты түрде өтті.

"Кезінде жеке меншікке өтіп кеткен спорт нысанының орнына сауда орнын салуды жоспарлаған. Бүгінде коньки тебу стадионы сақталып қалды. Толықтай жөндеуден өткен нысанда үлкен-кіші барлығы жаттығатын болады", – деді облыс әкімі Н.Садуақасов.

Аталмыш спорт нысаны 1980 жылы салынған. Ұзақ жылдар бойы қостанайлықтардың игілігіне жарап  келеді. Ескірген нысанда жаңғырту жұмыстарын жүргізу биыл қолға алынған. Нәтижесінде нысанның әкімшілік ғимараты мен стадионы жаңарып, асфальт ауыстырылып, 32х68 метрлік шағын футбол алаңына жасанды төсеніш және көрермендерге арналған 300 адамдық трибуна орнатылды. Нысанды жөндеуге 156, 8 млн. теңге жұмсалған.

Хабарламаларға жазылу