Рафаэль Надаль: Маусымның соңы үнемі қиынға түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рафаэль Надаль: Маусымның соңы үнемі қиынға түседі

30.09.2014
Рафаэль Надаль: Маусымның соңы үнемі қиынға түседі

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль осы апта Бейжіңде өтетін турнирге қатысады. Әлемнің екінші ракеткасы білек жарақатынан кейін кортқа  қайта оралуына байланысты пікір қалдырды.

«Білек жарақаты енді мені мазаламайды. Мен үшін маусымның соңы үнемі қиынға түседі. Сол себепті мен бұл турнир оңайға болмайтынын түсінуім қажет», - деді Рафаэль Надаль.

Айта кетейік, Рафаэль Надаль Лондонда өткен Уимблдон-2014 турнирінде жарақат алған еді. Сол турнирден кейін алғаш рет Астана кортына шықты. Ол бейсенбіде Франция теннисшісі Жо-Вильфрид Тсонгамен жолдастық кездесу өткізді.

«Ұзақ үзілістен кейін ойынға қайта оралу оңай емес. Бірақ, мен алдағы жарыстарға дайынмын», - деді испаниялық теннисші.

Рафаэль Надаль бүгін Бейжің турнирінің алғашқы айналымында франциялық Ришар Гаскемен кездеседі.

Фото: eurosport.ru

Хабарламаларға жазылу