Елімізде жыл сайын балалар үйінің 1 мың қызметкері біліктілігін арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл сайын балалар үйінің 1 мың қызметкері біліктілігін арттырады

30.09.2014
Елімізде жыл сайын балалар үйінің 1 мың қызметкері біліктілігін арттырады

Қазақстанда жыл сайын балалар үйінің 1 мыңнан астам қызметкері біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сапалы әлеуметтік қызмет көрсету мәселесіндегі маңызды қадамдардың бірі - әлеуметтік қызмет көрсететін педагогикалық қызметтердің сапасын арттыру болып отыр. Мәселен, жыл сайын жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 4 мың қызметкерінің мыңнан астамы біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Яғни, әрбір 4 жыл сайын біздің қызметкерлер өздерінің білім деңгейін жаңартуда», - деді комитет төрайымы.

З.Оразалиеваның сөзіне қарағанда, бүгінде республика аймағында жетім және ана-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 188  ұйым бар. Оларда 9879 бала тәрбиеленуде. Аталған ұйымдардың 43-і - денсаулық сақтау, ал 145-і - білім беру жүйесіне тиесілі.

Фото: azattyq.org

Хабарламаларға жазылу