Әлемдегі ең қызықты дөңгелекті үйлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең қызықты дөңгелекті үйлер

30.09.2014
Әлемдегі ең қызықты дөңгелекті үйлер

Ең үлкен дөңгелекті үй

Әлемдегі ең үлкен дөңгелекті үй - Anderson Mobile Estates-тің «темір тұлпары». Бұл - ең үлкен ғана емес, ең сәнді дөңгелекті баспана. Екі қабатты үйде екі жуынатын бөлме, асхана, және конференц-зал бар. Үйдің ішкі көрінісі мен жиһаздар да көздің жауын алатындай.

Мұнда сақтық шаралары да қатал бақылауға алынған. Көлік жүргізушісі жаңа үлгідегі бейнекамералар арқылы әр бағытты 360 градуста көре алады. Көліктің салмағы – 30 тонна. Бағасы – 2 миллион АҚШ доллары. Әлемдегі ең үлкен дөңгелекті үйдің иесі – Голливуд актері Эштон Катчер

Хабарламаларға жазылу