Air France әуекомпаниясының ұшқыштары екі аптаға созылған ереуілді тоқтатуға келісім берді. Бұл шешімді SNPL ұшқыштар кәсіподағы қабылдады, деп жазады France Presse ақпараттық агентігі. Бұл – франциялық әуекомпанияның тарихындағы ең ұзақ ереуіл.
«Қазіргі уақытта қоғамдық диалог жүргізу жағдайы қалыптаспады. Бірақ, біз жауапкершілікті өз мойынымызға алып, ереуілді тоқтаттық», - дейді кәсіподақтың ресми өкілі Гий Шмид.
Еске салсақ, Air France әуекомпаниясының ереуілі 15-ші қыркүйек күні басталған болатын. Ереуілге шыққан ұшқыштар жалақының тұрақтылығы мен әлеуметтік жағдайды қамтамасыз етуді талап кеткен болатын.
Фото: itar-tass.com