Мандариннің ағзаға әсерінен басқа қандай құпиясы бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мандариннің ағзаға әсерінен басқа қандай құпиясы бар?

27.09.2014
Мандариннің ағзаға әсерінен басқа қандай құпиясы бар?

Мандариннің отаны – Оңтүстік-Шығыс Азия елдері: Үндістан, Қытай, Жапония. «Мандарин» сөзінің шығу тарихының өзі өте қызық. Ерте замандарда Қытайдағы бай, ауқатты адамдарға «мандарин» деген лауазым берілген екен.

Сондай-ақ,  Үнді мұхитындағы Маврикия аралының бұрынғы атауы Мандарин екені белгілі. Жеміс атауы да осы аралға байланысты шыққан деген тұжырымдар бар.

Мандарин жемісінің шырынында 7,4 пайызы - қант, 0,8-0,9 пайыз - қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде эфир майы бар.

Мандариннің емдік қасиеттеріне келер болса, алдымен, ол шөлді жақсы қандырады. Жөтелге де қарсы пайдалануға болады. Демікпе мен бронхиттің бірден-бір емі. Адам  таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп тұрса, өкпені тазартады.

Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады. Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие. Мандарин шырыны сонымен қатар, тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді.

Бүгін 10.35-те «Ас болсын!» бағдарламасынан мандариннің ағзаға әсерінен басқа құпиясымен де таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу