«Жылыту маусымына әзірлік – бұл басты мәселе. Қазіргі кезде 2014-2015 жылғы жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр». Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.
Аймақ басшысының айтуынша, қазір осы мақсатта барлық деңгейдегі бюджеттен және кәсіпорындардың өз қаржыларынан 22,5 миллиалрд теңге бөлінген.
«Облыстың барлық дерлік маңызды нысандары қыс мезгілін қарсы алуға іс жүзінде дайын», - деді ШҚО әкімі.
Фото: ortcom.kz