Қазақтың көне музыкалық аспаптарын дәріптеп жүрген ұжым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың көне музыкалық аспаптарын дәріптеп жүрген ұжым

26.09.2014
Қазақтың көне музыкалық аспаптарын дәріптеп жүрген ұжым

Қазіргі таңда қазақтың ұлттық өнерін, ұлттық музыкасын, сонымен қатар, мәдениетін әлемге танытып жүрген ұжымдардың бірі – «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі.

Бастапқы кезден-ақ ансамбльдің негізгі міндеті – халық музыкасын дәріптеу болғанымен де, ансамбль мүшелері көне музыкалық аспаптардың шығу тарихымен де белсенді түрде айналысып жүр.

Ансамбльдің өзіне тән ерекшелігі – бұл әрбір музыканттың бірнеше музыкалық аспапта ойнай алуы. Сыбызғы, жетіген, сазсырнай, шертер және ұмыт бола бастаған ежелгі адырна, сазген, нарқобыз және т.б. аспаптарды насихаттап жүрген ансамбль турасында бүгін 12.45-те «Менің Қазақстаным» хабарынан біле аласыздар.

Сондай-ақ, хабар барысында  суретші Эдуард Казарянның шеберханасымен танысып,  Павлодар қаласындағы Достық үйі туралы ақпарат алып,  Германияның  Берлин, Александерплатц  қалаларына саяхат жасауға мүмкіндік бар.  

Фото: almaty-auenderi.kz

Хабарламаларға жазылу