Ақмола облысының Қорғалжын ауылында «Фламинго 2014» фестивалі өтті, деп хабарлайды «Ақмола медиа орталығы».
Жетінші рет ұйымдастырылып отырған фестивальдің мақсаты – балалар мен жастардың және егде жастағыларды өнер туындылары арқылы туған жер табиғатының сұлулығын көрсету, экологиялық проблемаларға назар аударту, ауылдықтарға, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдарға проблемаларды шешу үшін мүмкіндік туғызу, аймақтың ерекше табиғатын, соның ішінде Қорғалжын мемлекеттік қорығын қорғауға шақыру.
Байқауға 154 адам қатыстып, олар 215 жұмыс ұсынған.
Байқауда көрсетілген туындылардың басым бөлігі фламингоға арналған.
Жеңімпаздар «Қорғалжын аймағының табиғаты туралы ең үздік сурет», «Қолөнер шеберлерінің ең үздік туындысы», «Қолданбалы өнердің ең үздік туындысы» аталымдары бойынша марапатталды, деп жазады strategy2050.kz сайты.