Жастар театрында жаңа маусым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар театрында жаңа маусым

26.09.2014
Жастар театрында жаңа маусым

«Алғашқы махаббат» - алғашқы сезімі ұстазына оянып, өзінен біршама үлкен қызға ғашық болған бозбала туралы оқиға. Қанат Жүсіновтің пьесасы бойынша қойылған спектакльдің режиссері дарынды актер – Дәурен Серғазин.

«Өте жеңіл. Оның үстіне автордың өзінің басынан өткен оқиғалар негізінде жазылған. Біздің актерлердің дені – жас. Олардың мектеп бітіргендеріне де көп бола қойған жоқ. Сондықтан, бұл уақыт, бұл жағдай әлі ұмытылмаған. Күлкіге, махаббатқа, тебіреніске толы қойылым»,- дейді жас режиссер.

Астана қаласындағы Жастар театры дәл осы қойылыммен сегізінші маусымын ашты. Мектеп қабырғасындағы тылсым сезімдер мен қызықты оқиғалар желісімен жазылған қойлым көрермен көңілінен шығатынына театр ұжымының сенімі мол.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу