Мемлекет басшысының Өкімімен Рашид Тауфикұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Біздің анықтама:
Рашид Тауфикұлы Жақыпов – 1959 жылдың 7 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Самарское ауылында дүниеге келген. 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдайды. Ал 1981 жылдың қазанынан 1995 жылдың қараша айына дейін прокуратура органдарында қызмет етеді.
1995 жылдың қараша айынан 1997 жылдың қарашасына дейін Мемлекеттік тергеу комитетінде, 1997 жылдың қарашасынан бастап іскі істер органдарында жұмыс істеген.
Құқыққорғау органдарындағы қызметін 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған. 1985-1994 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы прокуратурасының, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы прокурорының, Өскемен қаласы Үлбі ауданы прокурорының аса маңызды істері бойынша аға тергеуші қазметтерін атқарған.
1994 жылы Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалады.
Ал 1997 жылы ішкі істер қызметіне ауысады. Шығыс Қазақстан облысы Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып тағайындалады.
1998 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарнының Ішкі істер басқармасы, Оңтүстік Қазақстан облысы транспорттағы Ішкі істер департаменті басшыларының орынбасары болып қызмет еткен.
2006 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары болды.
2011 жылдан бүгінге дейін Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің басшысы қызметін атқарған.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Ерекше қызметі үшін» мемлекеттік медальдарымен марапатталған. ҚР Ішкі істер министрлігінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Ішкі істер органдарының ардагері», «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III және II дәрежелі «ІІМ Еңбегі сіңген қызметкері», «Қазақстан полициясына - 15 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылдың 6 мамырында генерал-майор атағын алды.