«Жастар» театры Қостанай облысына гастрольдік сапармен барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жастар» театры Қостанай облысына гастрольдік сапармен барады

25.09.2014
«Жастар» театры Қостанай облысына гастрольдік сапармен барады

Астананың «Жастар» театры ұжымы қазан айының 15-18 күндері Қостанай облысына гастрольдік сапармен барады.

Гастроль барысында Қостанай жұртшылығына театр репертуарындағы Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...», Н.Гогольдің «Ревизор», Т.Миннуллиннің «Диляфруздың төрт күйеуі», С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары» театрландырылған концерттік бағдарламасын ұсынады.

Қойылымдардың қоюшы режиссері – театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. Сондай-ақ, шара аясында балаларға арналған Ю.Алесиннің «Золушка» ертегісін (реж. Б.Құсанбаев) кішкентай бүлдіршіндерге сахналанады. 

Хабарламаларға жазылу