Қазақ анимациясының деңгейі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ анимациясының деңгейі қандай?

25.09.2014
Қазақ анимациясының деңгейі қандай?

Елімізде 1960 жылдардан 1991 жылға дейінгі аралықта 143 қазақ мультфильмі түсіріліпті. Алайда, кейінгі жылдары анимация саласы тоқырауға ұшырап, кенжелеп қалды. Ол олқылықтың орны бүгінде біртіндеп толып келе жатқандай.

Қазақ Ұлттық өнер университетінің анимациялық кино режиссурасы мамандығында оқитын болашақ мультипликаторлар жақында ғана Қытай Халық Республикасында тәжірибе алмасып келді. «Отандық мультфильмді өркендетуде көршілерімізден үйренеріміз көп»,- дейді студенттер.

Бейжің  киноакадемиясының біздегі білім беру жүйесінен айырмашылығы – жас ерекшелігіне қарамастан, кез келген еріктіге анимация жасауға мүмкіндік беріледі.

 «Біз онда көптеген дәріске қатыстық. Айта кетерлік жайт, бір кабинетке кірсек, онда кішкентай балалар сурет салып отыр. Олар кішкентай болса да, бағдарламаны меңгеріп алған. Анимация жасаудың да қырын біледі», -дейді студент Айтолқын Болғанбек.

Қазақ анимациясын дамытамын деген жастардың талпынысын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу