Қазақ күресінің аудиториясы миллиард адамды құрайтын болады.
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев айтты.
«Біздің тұрақты аудиториямыз 600 миллион адамды құрайды. Серіктесіміз - түріктің «TRT AVAZ» телеарнасы Түркиядан бөлек, Солтүстік Африка, Европа, Шығыс Азия елдеріне хабар таратады. Телеарнаның аудиториясы 300 миллион адамды құрайды. «Боец» арнасының аудиториясы – 250 миллион.
9 қазанда Монакода ең үлкен телевизиялық көрме өтеді. Бұл шарадан кейін серіктестеріміздің қатары артады. Қазан айының екінші онкүндігінде қазақ күресінің көрермендері миллиардқа жететін болады», - деді Арман Шораев.