Елбасы Н.Назарбаев 30 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Ақорданың Елбасының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралардың аңдатпасында жарияланды. Хабарламада «30 қыркүйекте Атырауда Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді, оның жұмысына Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысады»,-делінген. Іс-шара «Көмірсутек саласындағы инновациялар» тақырыбында өтеді. Форум аясында заманауи технологияларды мұнай-газ саласында қолдану, осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау көзделген.