Қызылорда облысы Арал ауданында мүмкiндiгі шектеулі жандар үшін инватаксилер жұмыс жасауда.
Бұл шара «Жас Арал өрендері» қоғамдық бірлестігінің белсенділері мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мұрындық болуымен қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызмет тегін атқарылады. Ендi аралдық мүгедек жандар ешкімнің көмегінсіз қоғамдық орындар мен мәдени іс-шараларға емін-еркін бара алатын болды. Бұл жұмысқа ауданның жұмыссыз жастары тартылған.