Нұрмұхан Жанұзақұлы: Елге оралғалы бері ұлттық таным мәселелеріне көбірек көңіл бөлетін болдым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрмұхан Жанұзақұлы: Елге оралғалы бері ұлттық таным мәселелеріне көбірек көңіл бөлетін болдым

24.09.2014
Нұрмұхан Жанұзақұлы: Елге оралғалы бері  ұлттық  таным мәселелеріне көбірек көңіл бөлетін болдым

Тәуелсіздік алғалы атамекенге  оралып, еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар баршылық. Солардың бірі – ақын Нұрмұхан Жанұзақұлы.

«Мен Қытайда журналистика, публицистикамен айналқан  едім. Елге оралғалы бері  қандастарымның, елімнің, жалпы ұлттық  таным мәселелеріне көбірек көңіл бөлетін болдым. Сонымен қатар, қазақ әдебиетіне де бет бұрдым. Әдеби сын жазамын, қоғамдық мәселелерге  қатысты бірсыпыра мақала жаздым», -  дейді Нұрмұхан Жанұзақұлы.

Жақында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қорытындыланды. Осы турасында ақын: «Менің 4 ұл, 4 қызым бар. Барлығы да жоғары білімді. Барлығы да атамекенде. Осы бір ай бұрын соңғысы елге көшіп келді. Сегізі сегіз отау. Мерейлі отбасы жағынан өзімді бақытты әкемін деп есептеймін. Балаларым Қазақ елінің дамуына әр салада үлес қосып келеді», - дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу