ҚР Инвестиция және даму жөніндегі бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының қайта салыну барысы жөнінде кеңес өткізді
Кеңеске әуежай басшылығымен қатар, техникалық бақылау жөніндегі ұйым өкілдері қатысты.
Вице-министр пайдаланылатын материалдардың сапасын жіті бақылауда ұстауды және олардың барлық техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында кейінгі 10 жылда Қазақстанда 13 әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта салынды.
Қалған 5 әуежайдың ҰҚЖ-н қайта салу жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланған.