24-25 қыркүйек күндері ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Қазақстандағы туризм күндері өтпек. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Туризм мерекесінің алғашқы күні «Көшпелі туризмнің өзекті мәселелері, оны шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Туризм күндері аясында, 25 қыркүйек күні ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы журналистерді Астана қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан «Балқарағай» демалыс орнында ұйымдастырылатын этно-шоуға шақырады. Шара барысында қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, ұлттық ойындар өткізіледі.
ҚазАқпарат