2017 жылға қарай интернетті жер бетіндегі халықтың тең жартысы пайдаланатын болады. Мұндай болжамды Халықаралық электр байланыс одағы (ITU) ұсынған.
Қазір дүниежүзі бойынша ғаламтор пайдаланушылардың үлесі 40 пайызды құрайды. Одақ болжамынша, 2014 жылдың соңына қарай олардың саны 2,9 миллиард адамды құрайтын болады.
Қазіргі уақытта ғаламторды қолданушылардың ең жоғарғы көрсеткіші - Оңтүстік Кореяда. Мұнда интернетті халықтың 98 пайызы пайдаланады.