Қазақтың табақ тарту дәстүрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың табақ тарту дәстүрі

23.09.2014
Қазақтың табақ тарту дәстүрі

Қазақ  халқының қонақ келсе,  ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақы ет. Қазақтың сыйлы қонағына мал басын ұсынып, табақ-табақ ет тартатыны белгілі. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала) сәйкес келуі керек.

Бүгінде «тойларда ет ысырап болып жатыр», деген пікір бар. «Құдама сыбағасын бере алмасам, несіне қазақпын», дейтін қазақ үшін бұл жағдайды өзгерту мүмкін бе?

Ал медицина мамандары: «Сорпаны көп ішуге болмайды. Себебі, сорпаның құрамында пурин деген зат болады. Ол зат адамның буындарын алып қалады», дегенді айтады.

Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» бағдарламасы қазақтың ет асу, табақ тарту салт-дәстүрі жөнінде сөз қозғайды.

Хабарламаларға жазылу