Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы обырды емдеу бойынша білім беру курсын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы обырды емдеу бойынша білім беру курсын өткізеді

23.09.2014
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы обырды емдеу бойынша білім беру курсын өткізеді

Астанада 22-26 қыркүйек аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының обырды зерттеу халықаралық ұйымының білім беру курсы өтеді, деп хабарлайды strategy2050.kz. сайты.  

Дәріс қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды тіркеу және оларға есеп жүргізу мәселелеріне арналады.

Сондай-ақ, Астанада Германия, Болгария, Франция, Түркия, Ресей және Украинаның халықаралық сарапшылары тәжірибелерімен бөліспек.

Сонымен қатар, білім беру курсына қатысуға Грузия, Молдова, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Моңғолия елдерінен делегациялар келді.

Хабарламаларға жазылу