Омбыда қазақ азаматы «Жас отау» журналын шығарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Омбыда қазақ азаматы «Жас отау» журналын шығарады

22.09.2014
Омбыда қазақ азаматы «Жас отау» журналын шығарады

Омбы облысының тұрғыны Қанат Аяғанов «Жас Отау» журналын шығаруды қолға алды. Бұл туралы деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

27 жастағы Қанат Аяғанов мамандығы журналист болмаса да Ресейдің бірнеше өңіріне таралатын «Жас Отау» той журналын басқарады. Қазіргі таңда ол журналды Астана қаласына да жеткізіп отыр.

Әзірге журналдың бірнеше нөмері ғана жарыққа шыққан.

«Жас Отау» журналы айына үш рет екі тілде 3,5 мың данамен таралады. Қанат Аяғанов журналды Астрахань, Оренбург, Челябі және Самара өңірлеріндегі қазақтар да таныса деген ниетте.

Ал журнал Омбыдағы неке сарайлары мен мешіттерге тегін таратылады.

Хабарламаларға жазылу