Қазақстанда Үкімет ұзақмерзімді мәдениет саясатын біріктіретін тұңғыш құжатты қабылдады.
Бұл туралы ОКҚ брифингінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады.
«Ұзақмерзімді мәдениет саясатының тұжырымдамасын Үкімет қолдап, бекітті. Бүгінде Президентке қол қою үшін жөнелтілді», - деді ол.
Министр атап өткендей, мәдениет саясатының тұжырымдамасында негізгі сұрақтар заң және процессуалдық деңгейде шешілетін болады.
«Тұжырымдаманы құруда саланың үздік мамандары шақыртылып, аймақтарда кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, тұжырымдама шет елде де таныстырылды», деді А.Мұхамедиұлы.
strategy2050.kz