Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарлама жобасына 800-ге жуық ұсыныс түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарлама жобасына 800-ге жуық ұсыныс түсті

22.09.2014
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарлама жобасына 800-ге жуық ұсыныс түсті

«Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын талқылау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

Шара «STOP-қылмыс» жобасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылуда. Бүгінде жобаға қатысты 800-ге жуық ұсыныс пен толықтыру келіп түсті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

«STOP-қылмыс» жобасының басты мақсаты – қоғамда құқық бұзушылыққа «нөлдік» төзімсіздік, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама жобасы бастауыш партия ұйымдарында және партияның аймақтық филиалдары саяси кеңесінің кеңейтілген отырыстарында талқыланды. 800 ұсыныстың 127-і сарапшылардан, 601-і бастауыш партия ұйымдарынан, 34-ін Парламент депутаттарынан келіп түсті, 10 ұсыныс партия поштасына жолданған», - делінген хабарламада. 

Хабарламаларға жазылу