ҚР ҚК Бас әскери медицина басқармасының аға офицері Үрбайза Абитова медицина қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тілде сөздік дайындап шығарды.
Әскери қызметкердің бұл жұмысы «Конгресс-Холл» сарайында өткен «Мәңгілік ел - мәртебелі тіл» атты салтанатты шарада жоғары бағаланды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған Тілдер мерекесіне орайластырылған кешке республикамыздың барлық аймақтарының өкілдері қатысты.