Алматы облысында жыл соңына дейiн 870 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берiледi. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлiмдедi.
Оның айтуынша, өңірде жаңа тұрғын үй кешендерi облыс орталығында, сондай-ақ, аудандар мен қалаларда да салынуда. Олар жалдамалы пәтерлер, коммуналдық, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры желiсiмен салынуда.
Сондай-ақ, Амандық Баталов журналистермен кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы баяндады, деп жазады strategy2050.kz.