22 қыркүйек күні Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтеді. Тақырыбы – «Қазақстан Республикасындағы театр және музей салаларының өзекті мәселелері» болып белгіленген. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды. Үкімет сағаты барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндама жасайды деп күтілуде. Бұдан бөлек, министр депутаттар тарапынан қойылған сауалдар мен көтерілген мәселелерге жауап береді.