Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ қалалық фестивалі аясында ҚР «Тіл туралы» Заңының қабылданғанына 25 жыл толуына орай, елордада гала-концерт өтеді.
Мерекелік шараға Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры әртістері мен Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір сынды әншілер қатысады.
Сондай-ақ, концертке зиялы қауым өкілдері, Мәжіліс депутаттары, ұлттық-мәдени орталықтар мен «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері, үкіметтік ұйымдардың басшылары мен жастар қауымы шақырылған.
ҚазАқпарат