Апортты қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде - А.Баталов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апортты қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде - А.Баталов

19.09.2014
Апортты қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде - А.Баталов

Апортты қалпына келтіру жұмыстары басталып  кетті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов хабарлады.

«Апорт - Алматы облысының мақтанышы. Оны қайта қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар басталды. Қазір барлығы екі мың гектардай аумаққа жаңа бақтың орны дайындалды», - деді аймақ басшысы.  

Амандық Баталовтың айтуынша, өңірге 432 миллион доллардың азық-түлік өнімдері әкелінуде.

«Өзін-өзі ең негізгі қажетті азық-түлік түрлерімен толығымен қамтамасыз ете алатын біздің облысымызға қазірге кезде 432 миллион доллардың азық-түлік өнімдері әкелінуде. Сондықтан да, импорт алмастыру үшін және ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында аудандарда қолда бар кәсіпорындарды модернизациялау іске асырылып, ет-сүт және көкөніс өндірістері құрылатын болады», - деді облыс әкімі.

 

оrtcom.kz

Хабарламаларға жазылу