Қазақстандық дәрігерлер Литвадан жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық дәрігерлер Литвадан жүлделі оралды

19.09.2014
Қазақстандық дәрігерлер Литвадан жүлделі оралды

Литвада өткен жедел медициналық көмек көрсету халықаралық жарысына Алматы мен Шымкент қалаларынан барған дәрігерлер жүлделі оралды, деп хабарлайды strategy2050.kz. сайты.

Асқынған коронарды синдром, ми қанайналымының асқынған бұзылысы, көпшілік орында жарақат алуда қандай жедел жәрдем көрсету керектігін біліктіліктерін дәлелдеген ОҚО  командасы 2-орынды иеленді.

Сонымен қатар, оңтүстікқазақстандық дәрігерлер Каунастағы жедел медициналық көмектің құрылымымен, жабдықталуымен, ұйымдастыру жұмыстарымен де танысып, тәжірибе бөлісті.

Айта кетейік, шараға  Литва, Германия, Польша, Қазақстан, т.б. елдерден 30-дан аса команда қатысты.

Хабарламаларға жазылу