Астана қаласының Білім басқармасы қыркүйек-қазан айларында барлық мектептердің жоғары сыныптарында түрлі сабақтар, зерттеулер, тестілеу мен ойындар өткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды astana.gov.kz. сайты.
Сондай-ақ, адамгершілік тәрбие беру сабақтары аясында мектеп директорлары, оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарларға, сынып жетекшілеріне арналған «Қазіргі заманда рухани-адамгершілік тәрбие берудің басымдықтары», «Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі оқытушының рөлі» тақырыптарында оқыту семинарлары ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Құқықтық оқытуды» өткізудің мекемеаралық кестесі дайындалды. Шара аясында дәрістер оқу, спорттық-мәдени шаралар, тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, оқушылармен көшпелі практикалық семинарлар, экскурсиялар өткізіледі.
Сонымен қатар, ата-аналарға «Балаларға лайықты тәрбие бермегені үшін әкімшілік жаза» және «Отбасыда толеранттылықты тәрбиелеу» тақырыптарында тренинг өткізіледі.