Әбсадықовтар отбасының басты байлығы – өркен жайған ұрпағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбсадықовтар отбасының басты байлығы – өркен жайған ұрпағы

19.09.2014
Әбсадықовтар отбасының басты байлығы – өркен жайған ұрпағы

Әбсадықовтар отбасының басты байлығы – өркен жайған ұрпағы. Бақыт апа немерелерінің адалдықты ту етіп, тәртіпті болуын қадағалайды. Сондай-ақ, келіндерінің қандай ас әзірлейтінін де мұқият назарда ұстайды. «Жақсы ене – анасындай, жақсы келін – қызындай болуы керек», деп есептейтін Бақыт апа төрт келініне де өз қызындай қарайды.

«Алғаш осы шаңыраққа келін болып түскенде, көп нәрсені біле бермейтін едім. Қажетті дүниенің бәрін апамнан үйрендім. Ол кісі қолынан келгенше, бізге білгенін  әлі күнге дейін үйретіп келеді», - дейді әулеттің келіні Клара Пердеханқызы.

Ал немерелерінің оқу үлгеріміне қарайтын –  шаңырақ иесі, атасы.  Тұйғынбек ақсақал немерелерінің бос уақытында шығармашылықпен айналысуын қатаң қадағалайды.

Тұйғынбек ата мен Бақыт апаның отбасы құрғанына – 40 жыл болыпты. Төрт ұл тәрбиелеген ата-ананың бүгінде 13 немересі бар.

«Өнегелі отбасы болу - әйелге тікелей байланысты. Себебі, ер – түздің адамы. Әйел – шаңырақтың ұйытқысы», - дейді Бақыт апа.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу