Алдын ала жүргізілген сауалнама бойынша шотландықтардың дені Ұлыбританияның тұтастығына дауыс берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдын ала жүргізілген сауалнама бойынша шотландықтардың дені Ұлыбританияның тұтастығына дауыс берген

18.09.2014
Алдын ала жүргізілген сауалнама бойынша шотландықтардың дені Ұлыбританияның тұтастығына дауыс берген

Шотландияның тәуелсіздігін қолдамайтындар қарсыластарына қарағанда 6 пайызға көп.

«Ipsos Mori» қызметі жүргізген алдын ала сауалнама нәтижесі осыны көрсетті, деп жазады ИТАР-ТАСС. 

Сауалнама нәтижесі бүгін, елде референдум өтіп жатқанда жарияланды. Оны жүргізуге лондондық «Evening Standard» басылымы тапсырыс берген.

Айта кету керек, «Ipsos Mori» компаниясы сауалнаманы 16-17 қыркүйекте жүргізген.

Ұлыбританияның тұтастығын сауалнамаға қатысқан шотландиялықтардың 53 пайызы қолдады. Ал, 47 пайызы Шотландияның тәуелсіздік алуын жақтаған.

Пайыздарды есептеген кезде қалыс қалған сауалнамаға қатысушылардың 4 пайыз дауысы есепке алынбады.

Ал, әлі де бір шешімге келе алмаған шотландықтар шамамен 10 пайыз. Сауалнамаға 16 жастан асқан 991 тұрғын қатысқан.

 ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу