«Отанымның тілі – өз тілім» атты республикалық байқаудың қорытындысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Отанымның тілі – өз тілім» атты республикалық байқаудың қорытындысы жарияланды

18.09.2014
«Отанымның тілі – өз тілім» атты республикалық байқаудың қорытындысы жарияланды

Астанада «Отанымның тілі – өз тілім» атты республикалық байқауының қорытындысы жарияланды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді білу деңгейінің байқауын ҚР БҒМ жастар ісі комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы бойынша өткізді.

Шараға этномәдени ұйымдардың жастар өкілі қатысты.

Байқауды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зухра Саяпова төрағалық еткен қазылар бағалады.

Қорытынды бойынша, 1-ші орынды Қарағанды облысынан келген Диана Платонова иеленсе, екінші орынды Ақтау қаласының тұрғыны Грета Хачатурян қанжығасына байлады. Ал, үшінші орынды Павлодар қаласынан келген Артур Бартель еншіледі.

Сондай-ақ, қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.

Хабарламаларға жазылу