Керекуде Алаштың ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Керекуде Алаштың ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші ашылады

18.09.2014
Керекуде Алаштың ардақтысы Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші ашылады

Ертең Павлодар қаласында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші ашылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Алаш зиялысының 125 жылдығын атап өту аясындағы салтанатты шара 19 қыркүйек сағат 11.00-де Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының маңында өтеді.

- Мүсіннің биіктігі 3,6 метрді құрайды. Ал тұғырымен бірге биіктігі - 7,6 метр. Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші қоладан құйылған, тұғыры қою қара түсті жылтыр граниттен соғылған. Ескерткіштің авторы - астаналық мүсінші Ермек Тоқтаров. Қала тұрғындары мүсінді көріп, Алаш ардақтысының алып тұлғасын, даралығын көзге елестетеді деген ойдамыз. Себебі мүсіншілер бірінші кезекте жазушының бейнесіне мән берген, - деп хабарлады Мәдениет басқармасынан.

Аталмыш ведомствоның мәліметінше, ескерткіш «Керемет-ПВ» ЖШС-ның демеушілік көмегі арқасында бой көтерген.

Хабарламаларға жазылу