Қостанай вокзалдарында темір қалбырда ауа сатыла бастады, деп хабарлайды «Қостанай жаңалықтары» газеті.
Қостанай ауасының бір қалбыры 450-500 теңге тұрады. Қалбырда 35 пайыз жағалаудың және Орталық саябақтың ауасы болса, қалғаны қарағайлы орманнан алынған.
Ауаның жарамдылық мерзімі - 100 жыл.
Сатушыларға ауаны бір жігіттер әкеп береді екен. Ал адамдар кәдесый ретінде алып жатқан көрінеді, деп жазады ҚазАқпарат.