Мәскеуде қазақ лирикалық поэзиясының музыкалық-поэтикалық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде қазақ лирикалық поэзиясының музыкалық-поэтикалық кеші өтті

18.09.2014
Мәскеуде қазақ лирикалық поэзиясының музыкалық-поэтикалық кеші өтті

Мәскеуде әдебиетшілердің орталық үйінде РФ-дағы ҚР Елшілігі «XX-XXI ғасырлардағы қазақ лирикалық поэзиясының» музыкалық-поэтикалық кешін ұйымдастырды.

Кешті Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген қайраткері Ерлан Біләл жүргізді.

Н.Рейімхан, А.Рахымбаев, Н.Нұрғанат, П.Жарылқасынова және Б.Ахметқалиева сияқты қазақ актерлері А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, С.Торайғыров, М.Мақатаев, Х.Ерғалиев, Ж.Нажімеденов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, М.Шаханов және өзге де ақындардың туындыларын оқыды.

Сондай-ақ, көрермендер 70-80 жылдардағы «Үш Татьяна» триосының құрамындағы Татьяна Полтавскаяның өнерін тамашалады. 

Белгілі қазақ әншісі мен жыршысы, ҚР Еңбегі сіңген қайраткер Бекболат Тілеухан Н. Назарбаев сөзін жазған «Елім менің» әнін орындады.

Фото: ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу