Қазақстан мен Беларусь елінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Беларусь елінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы талқыланды

18.09.2014
Қазақстан мен Беларусь елінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы талқыланды

Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің төрағасы В.К. Божконың төрағалығымен комиссияның 11-ші отырысы өтті. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, машина жасау, көлік және коммуникация, ғарыш саласы, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы екіжақты сауда-экономикалық іс-әрекеттер мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, отырыста екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың 2014-2015 жылдарға арналған Жол картасын орындаудың бірінші жылғы қорытындысы шығарылды.

Сондай-ақ, екі елдегі кәсіпкерлер тобының қатысуымен бизнес-форум өтті. Алматы облысы кәсіпкерлерінің азық-түлік көрмесі де ұйымдастырылды, деп хабарлайды strategy2050.kz. сайты.  

Хабарламаларға жазылу