Әлемді мойындатқан зағип әншілер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемді мойындатқан зағип әншілер

18.09.2014
Әлемді мойындатқан зағип әншілер

Олар табиғи талантымен баршаны мойындатты. Қоршаған ортаны көрмесе де, күллі әлем оларға тамсана қарайды. Атақты Рэй Чарльз. Соло және рок-энд-блюз сазында нағыз төңкеріс жасаған әнші-композитор. Рей 10 жаста болғанда туған інісі суға кетіп қайтыс болады. қайғы жамылған ол, сол оқиғаның салдарынан көз жанарынан айырылады. Баспасөзге берген сұхбатында «Інімді құтқара алмадым. Қатты өкінемін. Оған деген сағынышымды музыкамен бастым», - дейді.

Рэй Чарльзтың пианинода ойнау шеберлігіне кәсіби музыканттардың өзі таңдай қаққан. Талантты әнші 2004 жылы 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ал, танымал опера әншісі Андреа Боччели футбол кезіндегі сәтсіз оқиғадан кейін 12 жасында соқыр болып қалған. Андреа жастайынан фортепиано, сырнай және саксафонда еркін ойнауды үйренген. Мектеп бітірген соң, Пиза университетінде заңгер мамандығын оқыған. Алайда, өнерге құштар болған Андреа кешкі мейрамханаларда ән айтып, қаражат тауып жүреді. 1992 жылы өткен опера әншілерінің байқауында бас жүлдені иеленіп, Боччелидің жұлдызы жанды.

Тағы бір зағип әнші - Стиви Уандер. Ол көптеген аспапта еркін ойнайды. Айта кетерлігі, Стив 2009 жылы БҰҰ-ның Бейбітшілік елшісі етіп тағайындалды. Сонымен қатар, мүгедек жандардың мәселесін шешіп, жанашырлық танытып келеді. Талантты әнші небәрі 2 жасында көзінен айырылған. Оның басты себебі – дәрігерлердің қателігі.

Жанарынан айырылса да, халыққа әсем әндерімен танылған әншілер турасында толығырақ «Таңшопланнан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу