Голливуд актеры Мэтт Деймон тағы да «Джейсон Борнды» сомдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голливуд актеры Мэтт Деймон тағы да «Джейсон Борнды» сомдайды

18.09.2014
Голливуд актеры Мэтт Деймон тағы да «Джейсон Борнды» сомдайды

Universal компаниясы Джейсон Борн туралы төртінші фильм түсірмекші. Басты рөлді тағы да актер Мэтт Деймон сомдайды, деп хабарлайды Deadline. Фильмнің алғашқы бөлімі 2002 жылы экранға шықты. Ал, келесі картиналар араға екі жыл салып шығып отырды.

Кинофраншизаның төртінші бөлімі 2016 жылдың 16 шілдесінде көрермен назарына ұсынылады деп болжануда. Сондай-ақ, режиссер Пол Гринграсс та бұл жобаға оралмақ. Мэтт Дэймон сомдайтын жаңа картинаның ресми атауы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Джейсон Борн – америкалық жазушы Роберт Ладлэм романының кейіпкері. Ол «Тредстоун» жобасының ОББ агенті. Фильмдерде Борнның рөлін Ричарл Чемберлин (1988 жылы) және Мэтт Дэймон (2002-2007 жылдары) сомдаған.

Хабарламаларға жазылу