Татарстан Республикасының Астанадағы мәденениет күндері аясында «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы алаңында татар ұлтының стилінде безендірілген арнайы қалашық жұмыс істемек.
20 қыркүйекте сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін алаңда өндірістік жәрмеңке, шығармашылық ұжымдардың концерттері, спорттық байқаулар және ұлттық тағамдардың дегустациясы ұйымдастырылмақшы.
Сондай-ақ, шара аясында көктемгі егістік жұмыстарының аяқталуын білдіретін татарлардың ұлттық мейрамы Сабантой өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.