Елдің біраз бөлігінде жаңбыр жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің біраз бөлігінде жаңбыр жауады

18.09.2014
Елдің біраз бөлігінде жаңбыр жауады

18-20 қыркүйек күндері  аралығында Жаңа Жер аудандарынан келетін суық ауа Қазақстанның көптеген бөлігінде температураның төмендеуіне әкеп соғады.  Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.

Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында атмосфералық фронттық бөлімдердің өтуімен жауын-шашын жауады, кей жерде соңы қарлы жаңбырға айналуы мүмкін. Сондай-ақ, 25 м/с дейін қатты солтүстік-батыс жел соғады.

Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-5 C градусқа дейін төмендейді, күндіз + 5-13 C градус жылы болады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр өтеді, екпінді жел соғады.

 19-20 қыркүйекте түнгі температура +2-10 C градусқа дейін төмендейді, жер беті 3 C градусқа дейін тоңазытады, күндіз +12-17 C градус жылы болады.  Республиканың тек батысында ауа-райы жауын-шашынсыз, бірақ түнгі уақытта мұнда да +0-5 C градусқа дейін суық болады, кей жерлерде 5 C градус  жылы, күндізгі ауа +15-20 C градус дейін жылынады.

Хабарламаларға жазылу