Арманы асқақ Жандарбек Бұлғақов 10 жылдан кейін өзін қалай елестетеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арманы асқақ Жандарбек Бұлғақов 10 жылдан кейін өзін қалай елестетеді?

17.09.2014
Арманы асқақ Жандарбек Бұлғақов 10 жылдан кейін өзін қалай елестетеді?

Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де – өмір шындығы. Бетпе-бет келген екі ақын айтыста бірін-бірі жеңудің сан алуан жолдарын, аман-тәсілдерін қарастырады. Олар бірден атаулы ойларын жайып салмай, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді.

Айла-тәсілі көп, аталы сөзді орынмен сөйлеуді талап ететін айтыс сахнасында жас ақын Жандарбек Бұлғақов ең алғаш Жамбыл Жабаевтың тойында айтысқан.

Сегіз қырлы, бір сырлы ақын айтыстан бөлек, телевизия саласында да бағын сынап жүр.

«Сыр - сұхбат» бағдарламасында мені халық бұрын-соңды көрмеген стильде көріп отыр. Өзіме ұнайды. 10 жылдан кейін өзімді, жоқ дегенде, 2-3 баланың әкесі ретінде көргім келеді», - дейді ол.

Жас ақынның Қазақ радиосына берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Хабарламаларға жазылу