Павлодарлық жас дизайнер халықаралық байқаудан жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық жас дизайнер халықаралық байқаудан жүлделі оралды

17.09.2014
Павлодарлық жас дизайнер халықаралық байқаудан жүлделі оралды

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің сәулет-құрылыс факультеті еуразиялық сәулет-құрылыс және дизайнерлер мектептерінің IV халықаралық фестивалінен жүлделі оралды, деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы, Түркі әлемінің инженерлер және сәулетшілер одағы, ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Н. Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті, Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей славян университеті ұйымдастырған шарада 20 елдің 42 жоғары оқу орнының студенттері бақтарын сынаған.

Байқаудың қазылар ұжымы павлодарлық студент Динара Буташева жобасын ерекше бағалаған. Ол С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің промо-компаниясының дизайн саласындағы креативті идеясы үшін үшінші орынға ие болды. Айта кетерлігі, талантты жас, сонымен қатар Алматы қаласында жыл сайын өтетін дипломдық жобалар байқауында екінші орынды қанжығасына байлаған.

Хабарламаларға жазылу