Қыркүйек айының соңында Францияда Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыркүйек айының соңында Францияда Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді

17.09.2014
Қыркүйек айының соңында Францияда Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді

20 қыркүйек күні Францияда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Бөрібаев мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz сайты.

Франциядағы қазақстандық Мәдениет күндері аясында ведомство Қазақстанның жетекші шығармашылық ұжымдары мен қазақ киносының күндерін өткізуді жоспарлауда.

Маусымның ашылуы 20 қыркүйек күні Конгресстер сарайында (Париж) өтеді. Онда «Astana Ballet» хореографиялық ұжымы өнер көрсетеді.

«Ағымдағы айдың соңында біз Францияда Қазақстанның мәдениет күндерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған «Astana Ballet» қатысады және 26 қазанда Париж театрында «Астана Опера» МОБТ ұйымдастыруымен «Абай» спектаклі қойылады», - деді Асқар Бөрібаев.

Хабарламаларға жазылу