Аслан Сәрінжіпов Астанадағы мектепте қайтыс болған баланың ата-анасына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аслан Сәрінжіпов Астанадағы мектепте қайтыс болған баланың ата-анасына көңіл айтты

17.09.2014
Аслан Сәрінжіпов Астанадағы мектепте қайтыс болған баланың ата-анасына көңіл айтты

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанадағы мектепте қайтыс болған оқушының ата-анасына көңіл айтты, алайда оқиға бойынша түсінік беруден бас тартты.

Еске сала кетейік, Астанадағы  №76 орта мектепте қайғылы жағдай орын алған еді: екі оқушы өзара керісіп, жанжал барысында біреуі екіншісінің кеуде тұсына қаламмен қатты соққы жасаған.  Жарақат салдарынан 8 сынып оқушысы оқиға орнында қайтыс болған.

«Біріншіден, бұл - үлкен трагедия, сондықтан баланың ата-анасына, туыстарына көңіл айтқым келеді. Қазір тергеу жүріп жатыр, сондықтан да тергеу  аяқталғанша бірдеңе айта қою қиын.  Мектеп басшылығына,  мұғалімдерге келетін болсақ, қазір арнайы комиссия құрылған. Ол  оқиғаны тиянақты түрде қарап, шешім қабылдайтын болады.  Ал қабылданған шешім туралы алдағы уақытта хабардар етеміз. Сондықтан да, құзырлы органдар жұмысы аяқталмайынша, мен түсінік беруден бас тарта тұрамын», - деді Аслан Сәрінжіпов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу